Жаңалықтар
Президент 2018 жылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездеседі

2019 жылғы 13 ақпан сағат 16:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесуі өтеді.

Бұл жоба 2018 жылдың тамыз айынан бастап өзінің екінші кезеңін ашық деп жариялады. Оған - білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жастар қатыса алады. Ол сонысымен де көпшілікке танымал, айтулы жобалардың біріне айналды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесе ұйымдастырған жобаның екінші кезеңіне біршама өзгерістер енгізілген болатын. Мәселен, алғашқы іріктеу барысында азаматтар өз-өзін ұсына алса, осы жолы іріктеу жоба­ға қа­тысу туралы өтініштерді үкі­мет­­тік емес ұйымдар арқылы беру әдісімен жүзеге асырылатын бо­­лады. Осы орайда елімізде түрлі сала бойынша мыңдаған үкімет­­тік емес ұйымдар жұмыс істеп жат­­қандығын айта кету керек.

Байқау қатысушылары ел тарихында ерекше қолтаңбасымен қалатыны анық. Үздіктердің өмір жолы бір-біріне ұқсамайды. Олардың ұқсастықтары қоғамға тигізген пайдасында ғана десек, қателеспейміз.

Және бұл жоба жеңімпаздарының жетістіктері жастарды ғана емес, рухани жаңғыруға ұмтылған барлық жандарға ой салары сөзсіз.
12.02.2019

Возврат к списку