Жаңалықтар
ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНА КӨМЕК КӨБЕЙЕДІ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНА КӨМЕК КӨБЕЙЕДІ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНА КӨМЕК КӨБЕЙЕДІ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫНА КӨМЕК КӨБЕЙЕДІ

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен өзара бірлесіп, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік қолдауды алу мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясын өткізді.

Мұнда жастарды түрлі тақырыптар төңірегіндегі сұрақтар бойынша «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков қабылдады. Ал жиналған жастар биыл өздеріне мемлекет тарапынан қандай көмектер болатыны туралы сұрады. Сонымен қатар жеңілдетілген несие алу бойынша сауалдар да қойылды. Бұған жуырда ғана Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жуминнің жастар жылына қолдау күшейетіні, осы бағытта 15 сәуірден бастап жастар кәсіпкерлігін қолдау тетіктері іске асырыла бастайтыны туралы айтқан сөзі себеп болса керек. Данат Жумин бұл бағытта жастар кәсіпкерлігін қолдауда 1 пайызбен несие беретінін мәлімдеген болатын. Ал қоғамдық қабылдауда мұндай несие кімдерге және қандай бағытта кәсіп ашамын деген жастарға берілетіні сөз болды.

Акция кезінде қабылдаушылар азаматтарға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, кәсіпкерлікті дамыту институттарының өкілдері, екінші деңгейлі банктерге орта және шағын бизнес өкілдеріне тікелей шығып, қажетті ақпаратты, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарына қажетті жауаптар мен кеңестер алуға мүмкіндік жасалды. Е.МҰРАТБЕК, Шымкент қаласы
12.02.2019

Возврат к списку