Жаңалықтар
Тараздық кәсіпкер медицина саласына арналған қосымша жасап шығарды

Тараздық кәсіпкер медицина саласына арналған қосымша жасап шығарды

Тараздық кәсіпкер медицина саласына арналған қосымша жасап шығарды

Тараздық кәсіпкер медицина саласына арналған қосымша жасап шығарды

Тараздық жас кәсіпкер Шерзод Бабаев медицина қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыратын жаңа қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл бағдарламаны емдеу мекемелері қолданысқа енгізіп, тиімдігілін көріп отыр. Ол үшін ауруханаға келген науқас төл құжаттағы жеке сәйкестендіру нөмірін айтуы тиіс. Куәлік иесі туралы толық ақпарат компьютерге автоматты түрде енгізіледі. Арнайы қосымша арқылы дәрігерлер науқастың ауруханадан шығару қағазын бұрынғыдай сағаттап отырып емес, 5 минутта толтыра алады. Кәсіпкер бағдарламаны екі жылда жасап шығарған.

Дінмұхамед Бегалиев, кардиохирург:

– Бұрын көп уақытымыз жазуға, көшіріп қайтадан қоюға кететін. Қазір бір енгізсек, барлығы дайын тұрады, тек датасын өзгертіп отырамыз.
11.02.2019

Возврат к списку