Жаңалықтар
"YOUTH-2019" - жалпы сырғанау ұйымдастырылды.

"YOUTH-2019" - жалпы сырғанау ұйымдастырылды.

“YOUTH-2019” – массовые катания состоялись!

"YOUTH-2019" - жалпы сырғанау ұйымдастырылды.

8 ақпан күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры жастарды "YOUTH-2019" конькимен жалпы сырғанауға шақырды. Жастар жылы аясында конькимен жалпы сырғанауға Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары, колледждер, SOS балалар үйінің тəрбиеленушілері, Демалыс орталығының жасөспірімдері, жалпы саны 250-ден астам жастар қатысты. "Halyk Arena" мұз сарайына тек конькимен сырғанауды ұнататын жастар ғана емес, сонымен қоса мəнерлеп сырғанаудың шеберлері де жиналды. Іс-шараның бағдарламасы айқын жəне қызықты болды. Осы күні ұйымдастырылған жалпы сырғанауға қатысқан жастар флеш-моб билеп, белсенді уақыт өткізіп, балалар мектебінің мəнерлеп сырғанаушыларының өнерлерін тамашалады жəне достары мен туысқандары арасында қызықты демалыс өткізді. Жалпы сырғанауға қатысқан барлық қатысушылар ТЕХНОСПОРТ компаниясының конькилерімен қамтамасыз етілді. Және PIZZA SPORT компаниясы тегін ыстық шəйларымен демеушілік жасады . Барлық қонақтар керемет əуен астында "Жастар Жылының" логатипі бейнеленген тумен бірге сырғанады. Іс-шараға қатысушылар күні бойы ерекше серпіліспен, белсенділікпен жүрді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар HALYK ARENA мұз сарайына тегін билеттерімен жалпы сырғанауға мүмкіндік бергені үшін, ТЕХНОСПОРТ компаниясына барлық қатысушыларды конькимен қамтамасыз еткені үшін, жаттықтырушыларға жəне "ALMA DANCE" балалар театрының мəнерлеп сырғанаушы командасына керемет қойылым үшін алғас білдіреміз!


 

 

 

 

08.02.2019

Возврат к списку