Жаңалықтар
Ақтөбеде «Нұрлы жермен» салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен сатылады

Ақтөбеде «Нұрлы жермен» салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен сатылады

Ақтөбеде «Нұрлы жермен» салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен сатылады

Ақтөбеде «Нұрлы жермен» салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен сатылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе әкімдігі «Нұрлы жер» бойынша салынған 700-ден астам пәтерді «7-20-25» бағдарламасымен сату үшін екінші деңгейлі банктерге берді.

Сонымен қатар, қалада Жастар жылына орай арнайы жоба әзірленуде. Бүгінде аймақта 29 жасқа толмаған 28 700 жас және жас отбасы пәтер кезегінде тұр. Жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 3 мыңнан астам жас бар.

«Баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласында арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Яғни, бір бөлмелі пәтер алу үшін 350 мың теңге жинау керек. Ай сайынғы төлемі 35 мың теңге болады. Оған коммуналдық төлемақы да қосылады. Есеп бойынша пәтер алуға ниет білдірген жас ай сайын 63-70 мың теңге жалақы алуы шарт. Сонымен қатар, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 150 жасқа қолжетімді пәтер беру жобасын қолдады, ол іске асырылып жатыр. Әрі жастар мен жас отбасыларға сатып алу құқығынсыз 500-ден астам пәтері бар тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл құрылысқа 3,9 миллиард теңге қажет», - деді қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова.

Айта кетейік, осы күнге дейін «7-20-25» бағдарламасы аясында 254 ақтөбелік баспаналы болды. «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған пәтерлерді «7-20-25» бойынша алғысы келетін азаматтар «Баспана» АҚ филиалына немесе жергілікті әкімдіктегі тұрғын үй секторына жүгіне алады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясында айтылды. Конференцияға Мәжіліс депутаты Әлия Сапарова қатысты.
07.02.2019

Возврат к списку