Әдістемелік құралдар
«ЖРО үздік тәжірибелер жинағы» әдістемелік құралы, 2022

«ЖРО үздік тәжірибелер жинағы» әдістемелік құралы, 2022

Методический материал «Сборник лучших практик МРЦ», 2022

Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Бүгінгі таңда жастар халық санының 19,4% бөлігін құрайды. Бұдан бөлек, мемлекет жаһандық трендті ұстануға және жастарды шешім қабылдау процесіне қатыстыруға ұмтылады. Мемлекет басшысы ұлттық мүдде мен мемлекетке адал жас ұрпақтың қалыптасуы мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан осы мәселе әрдайым менің назарымда болады. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сол себепті, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы екінші жыл қатарынан «Жастар ресурстық орталықтарының үздік тәжірибелер жинағы» атты әдістемелік құрал әзірлеуде.

Қазақстанда жастар бастамаларын қолдау, жастарды бейресми білім беру шеңберінде өмірде маңызды болып табылатын дағдылар мен тәжірибеге оқыту бойынша көптеген бағдарламалар мен жобалар бар. «Жастар ресурстық орталықтарының үздік тәжірибелерінің жинағы» әдістемелік материалында өңірлік және аумақтық жастар ресурстық орталықтарының жобалары қорытындыланып, сипатталған.

Бұл әдістемелік құралдың мақсаты – жастармен жұмыс бойынша қызықты және тиімді бағдарламалар мен жобаларды көрсету. Материал жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, жастар ресурстық орталықтарының, жастар ұйымдарының, БАҚ және жастар саясатындағы қызықты бастамалар туралы ақпаратты қажет ететін басқа да ұйымдардың жұмысында пайдаланылуы мүмкін.

07.02.2023 732

Тізімге оралу