Сұхбаттар
Ерғазы Әзімханұлы: Армандар орындалады

Ерғазы Әзімханұлы: Армандар орындалады

Ерғазы Әзімханұлы: Армандар орындалады

Әкімдер де әзілдей алады екен. Егер желіде жас блогер Ерғазы Әзімханұлының әкімдер челленджі таралып кетпесе, біз мұны білер ме едік?

Ерғазы Әзімханұлы Әбдіманат – Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қ. К. Тоқаевтың сенімді өкілі және Республикалық қоғамдық штабының мүшесі, Қазақстан жастарының Конгресі жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі, әкімдер челленджінің авторы, танымал блогер. Адамдардың армандарын орындауға көмектесуді алдына мақсат қойған қарапайым жігіт туралы толығырақ.



Мектепте оқып жүрген кезінен-ақ Ерғазы айналасындағы уақытын бос өткізіп жүрген балаларды жинап алып, оларды спортқа бейімдеу үшін жалғыз өзі жаттықтыра бастады:
Жаттығулар әр жерде өтті: бақшада, жазық дала мен алаңдарда. Бірақ жұмсалған уақытым мен күшім өзін ақтады: балаларым аудан орталығында үшінші орынға ие болды. Бұл деген керемет жетістік еді, өйткені оған дейін ауыл балаларымен айналысып, оларға ойыннан басқаны көрсете алатын адам жоқ еді. Жүлденің дәмін татқан оқушылар кейін тек биік мақсат қойып, әрқашан жеңіске ұмтылуға қажет екенін түсінді. Мен де өзім үшін құнды сабақ алдым. Әр адамның жүрегінің түбінде үлкен арман жатады, бірақ көбісінің оны орындауға батылы жетпейді, өйткені ол қиялындағысын іске асыру мүмкін емес деп ойлайды. Осылайша, мен жастарға өз күшіне сенуге және мақсаттарына жетуге көмектескім келетінін түсіндім, - дейді Ерғазы.

Қазір Ерғазы республикалық Жастарды дамыту орталығының жетекшісі болып табылады және балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қарттар үйінің тұрғындарына арналған қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, өз инстаграм-блогында жастардың өзекті тақырыптарын көтеріп, болашақта «Армандар орындалады» авторлық жобасын іске асыруды жоспарлауда. Өміріндегі басты құндылық – адамгершілік пен айналадағы жандарға қамқорлық.



Ерғазы 1996 жылдың 17 ақпанында Тараз қаласында дүниеге келген. Ауылда да, қалада да өскенінен болар, ол екеуінің де қажеттіліктерін түсінеді. Ерғазыны 6 айынан 6 жасына дейін тәрбиелеген атасы мен әжесі оған нағыз қазақи тәрбие берді: туған тілін сүю, дәстүрлерді ұстану және үлкендерді құрметтеу.

Ата-анасы – еңбек адамдары: әкесі көп жыл жүк көлігінің жүргізушісі, ал анасы сән салонында әйелдер мастері. «Жазда ауылға бармасам, әкеммен елді аралайтынмын», - деп еске алады ол балалық шағын. Солай, 9-сыныпта оқып жүрген кезінде тұңғыш рет Астанаға (Нұр-Сұлтанға) келеді. Елордаға ғашық болған Ерғазы қалай болса да қайтып келіп, оқуға түсуді шешті.

Ойлағанындай 2013 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне түсіп, «Ветеринарлық санитария» мамандығын үздік аяқтады. Университетте озат 15 студенттен тұратын делегация қатарына қосылып, Қытайға тағылымдамаға жіберілді. Қазір магистратурада оқып, қоғамдық қызметпен айналысуда.





– Менің алғаш жұмыс орным – ауылымыздағы егістік. 9-сыныпта егістікке қарбыз отырғызуға барып, жаз бойы жинаған жалақыма сенсорлы телефон алдым. Ол кезде тіпті әке-шешемде де ондай телефон болмаған. Олардың ақшасына емес, өзімнің термен тапқан жалақыма сондай оқушы үшін қымбат затты ала алғаныма өзіме риза болдым.

2016 жылы Ерғазы «KazTube.kz» ұлттық видеопорталында тележүргізуші қызметіне тұрды. 2017 жылы Астана қаласының жастар маслихатының депутаты ретінде сайланып, «Жас Отан» жастар қанатының Сарыарқа ауданы филиалының төрағасы болып сайланды. Кейінірек Астана жастар маслихатының жетекшісі болып тағайындалды.

Дәл осы кезде Ерғазы мемлекеттік органдар мен халық арасындағы алшақтық туралы ойлана бастады. Әкімдердің ешқайсысының ең ірі әлеужелі Инстаграмда аккаунттары болмады, ал олардың жұмысындағы ең маңыздысы – халықпен қарым-қатынасы ғой?! Ерғазы әкімдермен видео түсіру оңай болмағанын айтты. Әр қала басшысына мұндай ерекше амалдың мағынасы мен қажеттілігін егжей-тегжейлі түсіндіру керек болғанын мойындады. Тек биыл ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәріне әлеуметтік желілерде парақшаларын ашуды тапсырды.



Ерғазының авторлық челленджінде Шымкент әкімі Ғабидолла Абдрахимов, Астананың (Нұр-Сұлтан) экс-әкімі Әсет Исекешев, Тараздың экс-әкімі Ғалымжан Абдраимов, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тугжанов пен қазіргі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Ақтөбе облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев және т.б. қатысты.



Қазір Қ. Тоқаев республикалық сайлауалды штабының өкілі ретінде Ерғазы еліміздің барлық өңірлерінің жастарын аралауда. Сондағы ойы – алдағы уақытта еліміздің түкпір-түкпірінің жастары қатысқысы келетін жобалар жасау. Айта кетейік, қазіргі президенттің республикалық қоғамдық штабында әр сала мамандары қатарынан 34 табысты жастар жиналған. Қатарында Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Әділ Ахметов, Құралай Анарбекова да бар.

Кейбірі жастар саясатына мансап іздеп келсе, кейбірі ақша іздеп келеді. Ерғазы үшін ол – жалғыз қарапайым арманын орындау жолы – адамдарды қуанту. Дегенмен бұл мақсаттағы жолы ойын тек арман емес, құрметке лайықты мақсат етті. Сондықтан болар, Халық Қаһарманы және генерал Бақытжан Ертаев Ерғазының Жамбыл облысы жастарының алдындағы сөздерінен кейін: «Болашақ сенімді қолда!» деген ой қорытты.




Аида Сыздыкова

06.06.2019 2044

Возврат к списку