Сұхбаттар
Айдие Айдарбеков: «Өзімді шығармашылық адамы деп санамаймын»

Айдие Айдарбеков: «Өзімді шығармашылық адамы деп санамаймын»

Айдие Айдарбеков: «Не считаю себя творческим человеком»

Айдие Айдарбеков: «Өзімді шығармашылық адамы деп санамаймын»

Жас режиссер және сценарист Айдие Айдарбеков кезінде Джин оның үш қалауын орындаса екен деп армандаған екен. Бірақ Джин келмеді, сондықтан ол өз мақсатына өзі қол жеткізді. Бұл қандай арман және ол қалай орындалғаны туралы кейіпкеріміз өз сұхбатында айтыпберді.

- Режиссура-бұл өмірлік тандауы ма?

- Әзірше нақтысын айталмаймын. Себебі, бағдарламашы болып жұмыс жасаған кезде режиссер боламын деп мүлдем ойламадым. Мені болашақта не күтіп тұрғанын білмеймін, бірақ бұл өте қызықты. Режиссердің мамандығы бала кезімнен қызықты болды, бірақ мұның барлығы шын мәнінде қалай жасалатынын өз көзіммен көргенде, осы іспен айналысқым келетінін анық түсіндім.

– Бұл түсінік қалай келеді?

– Менің ойымша, егер адамға бір нәрсе ұнаса, тіпті шаршасаң да, қиындықтарға тап болса да, ләззат аласың. Жалпы, киноны алсақ-бұл жеңіл мамандық емес, себебі орташа ең төменгі жұмыс күні-12 сағат. Егер сен құрал-жабдықтармен, камералармен, жарықтандырумен жұмыс істесен, оларды тасуға тура келеді, ал олар аз салмақты емес. Бұл шығармашылық мамандығы боғасын, мұнда әр адамның өз пікірі, көзқарасы бар. Кейде олар сәйкес келмеген кезде қақтығыстар пайда болады. Бұл да үлкен фактор, бұл мамандықтың көпшілігі қартайған сайын жүйке ауруына жақын болады. Дегенмен, мен үшін кино-бұл сиқыр.

– Сіз өзіңізді атақты деп санайсыз ба? танымал болу неден және қашан басталады?

– Жоқ, өзімді әйгілі деп санамаймын. Шынымды айтсам, «100 жаңа тұлға» жобасының арқасында көшелердегі баннерлер ілініп тұрғандықтан, адамдар мені таниды. Мен «жұлдыздыққа» жақын емеспін. Әр кезде достарыммен кездесіп және сол кезде адамдар суретке түсуді өтінгенде, өзімді ынғайсыз сезінемін. Достарым да әзлдейді. Бірақ мен өзімді атақты сезінбеймін, мен ешқашан бұған ұмтылмадым.

- Әлеуметтік желілер өмірінізде қандай орын алады?

- Әлеуметтік желілердің басты артықшылығы адамдардың өз көзқарасын білдіруге, оны жариялауға мүмкіндігі бар, және басқа адамдар мұны көре алады. Мысалы, егер бұрын әркім өзінің ойларын тек басында ғана ұстаса, қазір онымен әлеуметтік желілерде еш кедергісіз бөлісе алады. Сондай-ақ, ол басқа адамдардан жауап ала алады, пікірлеседі немесе қарама-қарсы пікірді білдіреді. Бақа сөзбен айтқанда, адамдар бір-біріне ашық бола бастады. Мен бағдарламашы болғандықтан, бастапқыда әлеуметтік желілер маған жақын болды. Оқудан кейін PR мен журналистикаға барып, әлеуметтік желілерді SMM құралы ретінде пайдаландым. Мұны қалай пайдалануға болатынын зерттедім. Ал қазір жай ғана бөліскім келетін ойларымды таратамын.

– Шынайы мен виртуалды әлемдердің қыры қайда? Балансты қалай ұстапқалуға болады?

– Әлеуметтік желілерге өте көп уақыт бөлемін. Қуанышқа орай, бір уақытта бірнеше нәрсе істей аламын, мысалы: фильмді қатар көріп, инстаграмда телефонмен отырамын. Бірақ инстаграмда «сіз оған қанша уақыт жұмсайтын» функциясы пайда болған кезде, қатты таңқалдым. Мен оған тым тәуелді екенмін.

Егер басқа жағынан қарасақ, мен бағдарламашы болғандықтан, адамдармен жеке кездесіп, ортақ тіл табысудан ұяламын. Бірдеңе айтайын десем, өз ойымды жоғалтып аламын, сондықтан оларды білдіру үшін сөз таба алмайтын кездер де болады. Ал әлеуметтік желілерде бұл әлдеқайда оңай. Жазуды ұнатқандықтан, желілер мен үшін тамаша құрал. Ойымды білдіргім келген кезде сөздерді таңдап, қолданамын.

Шынымды айтсам, адамдардың әлеуметтік желілерге біраз уақытын бөлетіне қарсы емеспін, онда зиян ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Егер бұл оларға өзін-өзі танытуға, әлемге ашылуына, эмоциясын оятуға және пікірлерін білдіруге көмектессе, неге жоқ. Жалғыз ғана мәселе: көзге зиян, сол себептен шығар, мен көзілдірікте отырғаным (күледі). Және фэйк дегені тағы бар: күні бойы әлеуметтік желілерде отырғандықтан, өзіне көп ісінді тыңдырған сияқты боп көрінеді, бірақ шын мәнінде күнді босқа өткізгенінді кейн бірақ түсінесін. Бірақ мұның бәрі біздің басымызда және тек өзімізге байланысты.

- Қазақстанда режиссердің мамандығы қаншалықты сұранысқа ие?

– Режиссерсіз фильмдер болмайды, оны өзініз де білесіз. Тек фильмдер ғана емес, сериалдар да, бағдарламалар да. Жалғыз мәселе-бізде әзірге бұл адамдар көрерменге белгілі емес, себебі бізде кино енді ғана дамып кележатыр. Мысалы, егер сіз Спилберг немесе Мартин Скорсезе деп айтсаңыз, көзініздің алдына көптеген фильмдер тізімі келеді. Олардың әрқайсысының өз стилі бар. Бізге келетін болсақ, кино әлі де ізденісте. Жуырда біз де оған келеміз.

Қазір адамдардың медиаға деген қызығушылығы артып келеді. Егер Алматыда адамдар Медеуге, Шымбұлаққа бара алатын болса, Астана тұрғындары бос уақытын тек Керуен, Мега Silk Way және кинотеатрларда өткізіледі.

Жалпы, неге киноға келдім? Фильмдерді көріп, не үшін жасалғанын, қандай мағынасы бар екенін түсінгім келді, фильмдер де шабыттандыра алатынын, адамдарға әсер ететінін түсіндім. Кез келген фильмді көргеннен кейін көзқарасты бір нәрсеге өзгертуге болады. Кейін бұл кәсіби мүддеге айналды.

- Кино тәрбиелеуге міндетті ме?

- Біріншіден, бұл автордың мақсатына және жанрға байланысты. Егер ол біреуді ынталандырып, шабыттандырғысы келсе, онда кино тәрбиелейді деп айтуға болады.

Екінші жағынан, көптеген фильмдер, мысалы, артхаус киносы, ешкім түсінбейтін өнер түрі, және бұл жағдайда – режиссерлердің өзін-өзі көрсету тәсілі. Бұл да өнер мен киноның бір бөлігі. "Мен-суретшімін, мен осылай көремін". Барлығы режиссердың жеткізгісі келген ойға байланысты.

Кино-өнердің жаңа түрі және оқыту жоспарында, онда жаңа әдістемелер қолданылады. Кей кезде, оқытушылардың өздері сабақты қалай беру керектігін толығымен түсінбейді. Мысалы, кейбір оқытушылар мен бірге біз жай ғана отырып, фильмдерді көрдік. Көрдік және талқыладық. Мен алғаш барған кезде, бізге «сіздің үй тапсырмаңыз – фильмді көру» деді. Мен болуы керек жерде!» (күледі). Бірақ бұл әлдеқайда тереңірек болды. Бірақ көретін фильм міндетті түрде қазіргі заманғы немесе атыс-шабыс болуы керек деп айтылған емес. Біз 20-30х жылдардағы дыбыссыз, қара-ақ камераларға түсірілген және қосымша титр-карточкалары бар екі сағатттық кино. Мен үшін бұл жаңалық болды, себебі мен кино туралы армандаған кезде, сонша терең қазбаған едім. Біз осы фильмдерді зерделеп, оларға қандай мағына қалғанын, оның қалай алынғанын, қандай әдістер пайдаланылғанын түсінуіміз керек еді. Біздің Қазақстанда кино Кеңестік, ресейлік жүйеден театрға жақынырақ, бірақ Америкада киноның өзіне баса назар аударады. Және оларда бұл шын мәнінде индустрия.

– Қиындықтар мен қалай күресесіз?

– Мен позитивты адам болуға тырысамын, тіпті мені біреу ренжітсе де. Барлығына жеңіл көзқараспен қарауға тырысамын. Өйткені өмірде өзгерте алмайтын жағдайлар бар екенін түсінемін. Бұл жазу деп сенемін, қаншама тырыссаныз да оны өзгерту қолыңызда емес. Оған қоса әр нәрсеге философиялық тұрғыдан қараймын. Бұл жақсы немесе жаман екенін білмеймін, бірақ менде мұндай ұстаным бар. Көңілді және мейірімді болғанды унатамын.  

-Сіз өзіңізді ересек адам деп санайсыз ба?

– Иә, тіпті қарт деп санаймын, деп айтуға болады (күледі). Мен отбасы мен балалары бар құрдастарымды көргенде қызығамын. Қай жерде болмасын, соңында ең бастысы – отбасылық құндылықтар екенін түсінесің.

- Нью-Йорк киноакадемиясына түсу қаншалықты қиын?

- Жалпы, қиын емес. Шынымды айтсам, мен жай ғана бағымды сынайн дегем. Бірден оқуға түсіпкетемін деп күткен жоқпын және де құжаттар келгенде, мен оған сәл сенбедім. Жаңа York Film Academy коммерциялық жоғары оқу орны, сондықтан сізде, ең бастысы талап етілетін барлық құжаттар толық болса және сіз олардың сұраныстарына сай келсеніз, негізінен түсу қиын емес. Мен өткенімді айтқан кезде таң қалдым. Менің алғашқы білімім – бағдарламашы. Логика бойынша, бағдарламашы мен режиссердің мамандықтары сәйкес келмейді, бірақ сол кезде менің жақсы портфолиом болатын. Оған қоса, осы бағытта жұмыс істедім, өзім түсірдім, сценарий жаздым. Егер сізде тәжірибе, қандай да бір ұмтылыс, қызығушылық болса, оқуға қабылдайды.

- АҚШ - та қандай ауыр кездерге тап болдыныз?

- Ең бастысы тіл мәселесін, уаймдадым. Уақыт тығыз болғасын, IELTS тапсыруға үлгермедім. Университетте жағдайға түсінушілікпен қарады, мамандар менімен әңгімелесу өткізді. Менің ағылшын деңгейім қолайлы екенін айтты, бірақ мен ресми түрде деңгейімді нақты білмегендіктен, сенімсіздік пайда болды, мысалы, дүкенге барып, бірдеңені дұрыс аудармасам дегендей. Америка, Лос-Анджелес, Голливуд менің қолым емес деп ойладым. Бірақ ол жерде болған кезде, барлық күмәнім жоғалды және озімді үйдегідей сезіндім.

- Қай жанрға жақынсыз? Байқағаным, романтика мен лирика сияқты?

- Романтика әдепке айналғанға ұқсайды. Мен не жазып бастасам да, сол жаққа бұрылып кетем. Бірақ фантастикада өстім. Фантастика-жазғым келеді. Өйткені барлық ғарыштық және сиқырлы әлем өте қызықтырады. Әзірге бұл жанрда жазуға тырысамын.

Менің жазған және басылған кітапым және бір өлеңдер жинағы бар. Жалпы, әртүрлі жанрда көптеген кітаптар жазғым келеді. 2010 жылдан бастап басталған 20-30 беттік 3-4 кітабым бар.

Жалпы шағын әңгімелерді жаздым, бірақ бірі маған ерекше ұнады, оны одан әрі дамытқым келді. Бірте-бірте осы бағытта жұмыс істей бастадым және алдыма мақсат қойдым - өзімнің алғашқы кітабымды 20 жаста шығару. Бұл, әрине, ұзаққа созылды. Бірнеше жылдар уақыт кетті, себебі қатар оқуым болды, жұмыс істедім, есейдім дегендей. Бірақ, мақсатыма қол жеткіздім.

– Шығармашылық және бағдарламашы мамандығын біріңғай алып жүру қалай екен?

- Негізі, өзімді шығармашылық немесе программист деп санамаймын. Бала кезімде көптеген кітаптар оқитымын, келе-келе өзім де жаза бастадым. Өз басым, Гарри Поттердің үлкен жанкүйермін, және қазіргі балаларға қарағанда, мен әр кітапты асыға күттім. Міне, мені жазуға итермелеген осы күту шығар. Кітаптағы хикая немен аяқталатынын білмегендіктен, жалғасын өзін ойлап табасың. Жақында бұл фанфики деп аталатынын білдім. «Сұр түстің 50 реңкі» кітабы алдымен «Сумеркиге» фанфик болды. Ал қазір жеке және өте танымал шығарма.

– Шығармашылық-бұл еңбек пе алде талант па?

- Программист тарапынан, менің ойымша, бұл талант, себебі жасанды интеллект сценарийді тіпті тұтас кітаптарды жазғанда, оны шын мәнінде әдебиетке ұқсас таба аласыз. Бірақ, біз-адам боп жаратылғасын, бізде эмоционалдық қабылдау бар. Мүмкін, нағыз шығармашылық пен талант осы шығар. Әрине, жұмыс, өзіндік тәртіп - осының бәрі де керек. Кейде басымдағы ойларымды қағазға шығара алмай қалатын кездер болады. Іштей сахнаны елестетіп, кадрларға, бөліп, қай кейіпкердің айтқанын қалай болатынын елестетіп көремін. Бірақ басып шығаруға келетін болсақ, бұл сәл қиынрақ. Бұл жерде, тәртіп пен еңбекқорлық өте қажет болады.

Менің бала кезімнен осындай арманым бар: Джин менің 3 тілегімді орындаса екен. Бұл өз ойларымды txt, mp3 және avi форматтарында жеткізу, яғни мәтін, аудио және бейне форматында. Қазір осы бағытта жұмыстырысамын.

- АҚШ пен Қазақстанның режиссерлары бір іспен айналыса ма? Немесе олардың жұмысында айырмашылықтар бар ма?

– Бұл жоба мен командаға байланысты. Бізде тіпті кәсіби режиссерлердін өзі кейде өкілеттіліктен асып, бір жағынан продюсерлеп, өзіне ассистенттік қызмет көрсетіп, аяғында қызметтік шеңберден шығып кетеді.

Америкада бұл сәл басқаша. Мысалы, егер сіз режиссер болсаңыз, онда тек режиссердің міндетін атқаруыныз керек. Әрине, сізде өз көзқарасыныз бар, бірақ мұның бәрі препродакшн кезінде, яғни түсірілім алдында талқыланады.

Бірақ бізде болып жатқан жағдай жаман деп айтуға болмайды. Үдерісте жаңа нәрсе пайда болуы мүмкін және біздің әдісімізде іс-қимылдар мен көріністер еркіндігі пайда болады.

Әңгімелескен Аида Сыздықова, аударған Мариям Қусаинова
 
13.03.2019 5741

Возврат к списку