Ірі әлеуметтік-демографиялық топ бола отырып, жастар бірқатар ерекшеліктерге ие. Бір жағынан, жастар үшін мобильдіктің, интеллектуалды белсенділіктің жоғары деңгейі және жақсы денсаулығы тән,бұл оларды басқа қоғамның мүшелерінен ажыратады. Екінші жағынан - жаңа ұрпақ көптеген қиындықтарға тап болады: әлеуметтену, экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени кеңістікке интеграциялаумен байланысты кедергілерді жеңеді. Дәл осы жаста адам отбасын құруға, материалдық және тұрғын-үй мәселелерін шешуге, білім алуға, өз бетінше өмір сүрудің шынайылығына бейімдеуге тура келеді.