Жастар – көптеген қоғамдық-саяси процестердің қозғаушы күші және халықтың неғұрлым ұтқыр, белсенді бөлігі бола отырып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосуға қабілетті. Жастардың әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлардың болмауы жастар қылмысының, наразылық белсенділігінің артуымен көрінетін деструктивті салдарларға ие болуы мүмкін.