ҚР-да Волонтерлік қызметті іске асырудың негізгі мүмкіндіктері:
- Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру.
- Түрлі салаларда адами капиталды дамыту.
- Республикалық және халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндігі.
Білу маңызды! Волонтерлік қызметті табысты іске асыру үшін волонтерлік қызметтің негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ қолдау шараларын білу қажет.
Пайдалы сілтеме: «Волонтерлік қызмет туралы» ҚР Заңы: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=32119442#activate_doc=2
«Qazvolunteer.kz» волонтерлердің бірыңғай платформасы
Платформаны құру туралы негізгі ақпарат
2019 жылғы 9 сәуірде «Qazvolunteer.kz» ресми тұсаукесері өтті Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантының қолдауымен «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп әзірледі.
Платформаның мақсаты
волонтерлік қызметке қатысушылардың өзара іс-қимылының бірыңғай арнасын құру, Қазақстанның волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарының қызметін үйлестіру, жобаларды, бағдарламаларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыру.
Платформа арқылы қандай ақпаратты табуға болады?
Cайтқа сілтеме
https://qazvolunteer.kz