ЖОО-да оқу ақысын төлеудің қадамдық нұсқаулығы
Білу маңызды: ЖОО-да оқуға ақы төлеу мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша жыл сайын бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен сәйкес белгіленеді.
- Студенттер оқу ақысын университеттің серіктес банкі есеп шотына ақша аудару арқылы төлей алады.
- ЖОО-ға түсу кезінде қабылдау комиссиясында серіктес банк арқылы төлем жүргізу үшін оқу орнының деректемелері туралы ақпарат ұсынылады.
- ЖОО-да оқу ақысын төлеудің екі тәсілі бар.
- Онлайн: банктің электрондық қосымшасы арқылы төлем жасау;
- Офлайн: банк бөлімшесінің кассасы арқылы төлем жасау. (Өзімен бірге: жеке куәлігі; оқу орнының деректемелері болуы тиіс)