Жаңалықтар
Robotek Grand Tournament: Астанада халықаралық роботтар жарысы өтіп жатыр

Robotek Grand Tournament: Астанада халықаралық роботтар жарысы өтіп жатыр

Двухдневный чемпионат Robotek Grand Tournament состоялся в столице

Robotek Grand Tournament: Астанада халықаралық роботтар жарысы өтіп жатыр

Астанада халықаралық роботтар жарысы өтіп жатыр. Екі күн бойы Robotek Grand Tournament чемпионатында дарынды жастар мен олардың құрап шығарған көліктері дәлдік, ептілік пен жылдамдық бойынша сынға түседі. Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мектеп оқушылары қатысуда.

Санжар Шалқарбеков, Robotek робототехника мектебінің бас директоры: — Екі күннің ішінде ең мықты үздік командалар 7 санатта жарысып, ең үздік командарды табамыз. Қатысып отырған балалар осы санаттарда жаңа инженерлік және программалық білімдерді алып, келешекте инженер-роботехник болады, елге көп көмегі тиеді.

9 - 17 жас аралығындағы 200-ден аса мектеп оқушысы Robotek, «Мерген», «Кері сызық жарысы», «Туды жеткізу», «Жеткізуші робот» және «Сұрыптаушы робот» санаты бойынша бақ сынамақ. Үш жыл ішінде жарыс еліміздің IT брендіне айналып үлгерді, себебі чемпионаттың регламенттері – авторлық .

Ал биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өтуде. Қатысушылар бірнеше ай бойы дайындалып, арнайы робот көлік жасап шығарды. Оларды талапқа сай тексеруден де өткізуге тиіс. Әр санат бойынша топ жарғандар бағалы сыйлық және дипломмен марапатталады. Үздік инженерлік шешім, үздік ауыл командасы мен үздік шетелдік команда сынды арнайы номинация да әзірленді.

Бас жүлде иегері Астанадағы Қазақстан-британ техникалық университетінің ақпараттық технология және инженерия мектебіне білім грантын иемденеді. Шоқтығы биік шараның өтуіне Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Robotek робототехника мектебі мұрындық болды.

Мақсат Медет, Robotek Grand Tournament чемпионатының қатысушысы: — Робот-сорттағыш шығардым. Бұл роботымыз 5 түспен әрекет етеді. Кубиктерді реттейді. Роботтарды үш  жарым айдай құрдық. Программасы өте қиын болды. Бұрыннан «Лего» құрастыру, робототехника, программа жазу бәрі ұнайтын еді. Құдай қаласа, үшінші орын шығып қалады деп ойлаймын.

Дереккөз: https://www.ktk.kz/kz/news/video/2024/05/02/269567/

03.05.2024

Возврат к списку