Жаңалықтар
«Jastar belgisi» жастар орталықтарына арналған сапа белгісі" жастар ресурстық орталықтарына берілді

«Jastar belgisi» жастар орталықтарына арналған сапа белгісі" жастар ресурстық орталықтарына берілді

«Знак качества для молодежных центров «Jastar belgisі» получили молодежные ресурсные центры

«Jastar belgisi» жастар орталықтарына арналған сапа белгісі" жастар ресурстық орталықтарына берілді

2022 жылы 1 қарашада «Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері «Жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша шаралар кешенін қабылдау» жобасы шеңберінде Жастар қызметкерлері қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің қорытынды іс-шарасына қатысты. Бұл жоба ҚР АҚДМ және ЦПГИ гранты шеңберінде «Jastar belgisi» жастар орталықтары үшін сапа белгісі бағдарламасын іске асырады.

Жобаның мақсаты-жастар орталықтары жастарға көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту.

Іс-шара барысында «Jastar belgisi» жастар орталықтарына арналған сапа белгісі бағдарламасы талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар жастар ресурстық орталықтарының жұмысы бойынша мәселелер талданып, ұсынымдар берілді, сондай-ақ бағдарламаның нәтижелері шығарылып, номинанттар жарияланды. Спикерлер - Алимова Бағила және Наурызбаев Нұрлыбай, жастар саясаты саласындағы сарапшылары.

Іс-шараға Астана қаласының, Қызылорда қаласының, Жамбыл облысының жастар ресурстық орталықтарының, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының және Қазалы ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Сапа белгісін беру бірнеше кезеңнен тұрады, аталмыш сапа белгісінің үш деңгейі бар. Ең алдымен jashome.org. сайты арқылы онлайн бағалаудан өту керек болады, келесі кезеңде жастар ресурстық орталықтары Жастар қызметкерлері қоғамдастығы сарапшыларынан баға алады, орталықтар чек-листке сәйкес растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, соңғы кезеңде барлық ақпарат комиссия отырысында тексеріледі.

«Jastar belgisi» жастар орталықтары үшін сапа белгісі бағдарламасына комиссия отырысының нәтижелері бойынша 20 қатысушылардың ішінен II деңгей:

- Павлодар облысының «Жастар бастамаларын дамыту орталығына»

- Қызылорда қаласының «Жастар ресурстық орталығына»

III деңгей:

- Астана қаласының «Жастар ресурстық орталығына»

- Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығына»

- Рудный қаласының «Жастар ресурстық орталығына»

- Жетісу қаласының «Жастар ресурстық орталығына»

- Мұғалжар ауданының «Жастар ресурстық орталығына»

- Шалқар ауданының «Жастар ресурстық орталығына» беріледі.

Қалған қатысушыларға «Jastar belgisi»-н алуға үміткерлер орталықтарының номинациясы беріледі.

Сапа белгісінің деңгейлері алынған пайыздар негізінде беріледі. Әрбір индикатор берілген шкалаға сәйкес пайыздық арақатынаста бағаланады, 91-100% - дан алған қатысушылар I деңгейдегі сапа белгісінің иегері болады, 51-90% - дан жинаған қатысушылар II және III наминалдың иегері болады.

Сапаның II және III деңгейлерін иеленуші орталықтар перспективті деп танылады, сондай-ақ қайта бағалаудан кейін  белгіленген деңгейден жоғары сапа белгісін алу әлеуеті бар.

03.11.2022

Возврат к списку