Жаңалықтар
Жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен олардың орынбасарлары үшін «Кәсіби даму Академиясы» жобасы шеңберінде он күндік семинар – тренинг аяқталды

Жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен олардың орынбасарлары үшін «Кәсіби даму Академиясы» жобасы шеңберінде он күндік семинар – тренинг аяқталды

Завершился десятидневный семинар – тренинг в рамках проекта «Академия профессионального развития» для директоров молодежных ресурсных центров и их заместителей

Жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен олардың орынбасарлары үшін «Кәсіби даму Академиясы» жобасы шеңберінде он күндік семинар – тренинг аяқталды

19 қазанда Жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен олардың орынбасарлары үшін «Кәсіби даму Академиясы» жобасы шеңберінде он күндік семинар – тренинг аяқталды

«Кәсіби даму Академиясы» жобасы ағымдағы жылдың 10-19 қазан аралығында жалғасты және бұл жобаның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру кезінде жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерімен және жастармен өзара іс-қимыл дағдыларын арттыру болып табылады.

Семинарға қатысушылар «Стресс-менеджмент. Конфликтология. Медиация», «Әлеуметтік жобалау», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесі», «Басшының жеке басы және транзакциялық талдау негізінде тиімді коммуникациялар», «SMM коммерциялық емес ұйымдар үшін ілгерілету – жастар ресурстық орталықтары» және «Қаржылық сауаттылық».                            

Оқу барысында қатысушылар материалдың теориялық бөлігімен танысып қана қоймай, сонымен қатар практикалық жағдайларды талдады: ой алмасу, шағын дәрістер, рөлдік модельдеу, тренингтік жаттығулар, кинофильмдер эпизодтарын қарау және талқылау.                         

Соңғы оқу блогының дәріскерлері тәжірибелі жаттықтырушылар - Айман Жұмабайқызы Исабаева, Анаргүл Әбішқызы Габбасова, Саида Айдынбекқызы Елшібаева және Юрий Фаргатұлы Набоков болды

19.10.2022

Возврат к списку