Жобалар
«JasA!» жобасы туралы

«JasA!» жобасы туралы

О реализации молодежного проекта «JasA!»

«JasA!» жобасы туралы

Жастар жылы аясында елімізде алғашқы рет, жастардың өмір сүретін орталарында, яғни қалалары мен ауылдарында креативті және урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсетілгелі отыр. Осы мақсатта, еліміз бойынша «JasA!» жобасына қатысатын 600 жастар іріктеліп алынып, қазіргі таңда ол жастар жергілікті қауымдастықтарының қажеттіліктерін анықтауда. Жобаға қатысушы жастар өз идеяларын дамытып болғаннан кейін, оларды іске асыру үшін шағын гранттар бөлінетін болады.

«JasA!» жобасы аясында жастар бастамаларына қолдау және бағыт бағдар көрсету үшін жастар істері жөніндегі қызметкерлерді даярлау бағдарламасы іске асырылған болатын. Осы бағдарлама бойынша жастар ісі жөніндегі қызметкерлер әр өңірдегі жобаның қатысушы жастарына «Жергілікті бизнес көшбасшылары мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, жастарды өмірлік маңызды және әлеуметтік жобалау дағдыларын дамыту» тақырыбына сәйкес 6 күндік семинар-тренингтері басталды.

Тренинг мақсаты: жастарды өз қалалары мен ауылдарының аумақтарын абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, жастар қауымдастығын дамыту, урбанистік бастамалар бойынша өз жобаларын әзірлеуге үйрету.

Аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Өмір сүретін ортаны жақсартуға және жергілікті қала мен ауыл деңгейіндегі қауымдастықтарды дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау бойынша «JasA!» жобасы» атты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты бойынша «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» өткізуде. Жалпы, «JasA!» жобасының мақсаты – жастар бастамаларын қолдау арқылы жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру. Жоба жайында толық ақпаратты келесі сайттан алуға болады: http://jashome.org/ru/ .

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 702 379 08 29 Әбубәкір Әбидин

Электрондық пошта: jasajobasy@gmail.com


05.09.2019 2233

Тізімге оралу