Нормативтік-құқықтық актілер
Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы

Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы

Об утверждении Дорожной карты по проведению Года молодежи

Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 94-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

2. Жол картасының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және ұйымдар (келісім бойынша): 1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын; 2) 2020 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасын іске асыру қорытындылары туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                                 Б. Сағынтаев

Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы
05.02.2019 2134

Тізімге оралу