Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесі
Жастар саясаты жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
- жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;
- Қазақстан Республикасының Президентін жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етіп отыру;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау;
- мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау болып табылады.
Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесін құру туралы 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы.