Жаңалықтар
Сарапшылар жастардың өзсезінімі туралы ұлттық баяндаманың құрылымын талқылады

Сарапшылар жастардың өзсезінімі туралы ұлттық баяндаманың құрылымын талқылады

Эксперты обсудили структуру национального доклада по самочувствию молодежи

Сарапшылар жастардың өзсезінімі туралы ұлттық баяндаманың құрылымын талқылады

25 сәуірде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында жаңа «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасының құрылымы талқыланды. Шара барысында ағымдағы жылы жастардың жағдайын зерделеудің басым бағыттары белгіленді. Талқылауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Жастар ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова биыл ұлттық баяндамада жастар саясатын дамытудың жаңа парадигмасын ескере отырып, бірқатар жаңалық қамтылатынын баса айтты. Бұл новеллалар микро және макро деңгейлердегі өзгерістер контекстінде ұсынылатын болады.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Элина Паули өз сөзінде жастардың өзсәйкестенімі бойынша зерттеулер жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, жастар арасындағы алалау мәселесіне де назар аудару қажет.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Еуропаны және Американы зерттеу бөлімінің жетекші сарапшысы Мирас Жиенбаев жастардың проблемалық мәселелерін олардың жасы, жынысы және елді мекеннің түрі сияқты параметрлер бойынша зерделеуді егжей-тегжейлі жүргізу жұмысын жалғастыруды ұсынды.

«Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының жетекшісі Жандос Ақтаев нашақорлық, ойынқұмарлық пен жастардың маргинализацияға ұшырауын тереңірек зерттеу қажеттігіне назар аударды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар өскелең ұрпақтың негізгі тенденцияларын, мүддесі мен сұраныстарын көрсету мақсатында жастар саясаты саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кеңінен насихаттауды ұсынды.

Бір айта кетері, 2013 жылдан бастап «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын шығарып келеді. Баяндамада қазақстандық жастардың өмірінің негізгі салаларындағы жағдайына жан-жақты талдау жасалады.

25.04.2023

Возврат к списку