Жаңалықтар
ЖРО қызметін үздік насихаттау бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталды

ЖРО қызметін үздік насихаттау бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталды

ЖРО қызметін үздік насихаттау бойынша байқаудың жеңімпаздары анықталды

21 сәуірде Қызылорда қаласында өткен Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алаңнан тыс отырысы аясында жастар ресурстық орталықтарының қызметі туралы үздік басылым байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті мен “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Байқау комиссиясының шешімімен ұсынылған өтінімдердің бірінші бөлігінің ішінде I орынды Ақтөбе облысы Байғанин ауданының ЖРО, ІІ орынды Қызылорда облысының ЖРО иеленді. Үздік үштікті Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Жастар бастамаларын дамыту орталығы” түйіндеді. Аталған жеңімпаздар арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйықыға ие болды. 

Байқау жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз. ЖРО қызметкерлері өз қызметі аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты (фото, бейнежазба, пресс-релиз) “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығына jroaqb@eljastary.kz электронды поштасы арқылы (электрондық хаттың тақырыбына ЖРО атауы мен орындаушылардың байланыс телефондарын көрсетуіңізді сұраймыз) әр айдың 27 күнінен кешіктірмей жібере алады.

24.04.2023

Возврат к списку