Жаңалықтар
Байқоңыр қаласында жастардың өз әлеуетін дамытуы және кәсіби шыңдалуы бойынша үздік идеялар алмасуы өтті

Байқоңыр қаласында жастардың өз әлеуетін дамытуы және кәсіби шыңдалуы бойынша үздік идеялар алмасуы өтті

Обмен лучшими идеями по развитию потенциала и профессиональной реализации молодежи состоялся в городе Байконур

Байқоңыр қаласында жастардың өз әлеуетін дамытуы және кәсіби шыңдалуы бойынша үздік идеялар алмасуы өтті

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайын мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында орталықтардың әдістемелік және практикалық қызметін үйлестіруге бағытталған Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесін өткізеді.

Байқоңыр қаласында Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қызметі аясында жастармен жұмыс жөніндегі мамандар қаланың бірнеше қоғамдық орынын аралап шықты. Байқоңыр қаласы әкімдігінің басшысы Константин Бусыгин қатысушыларды «Байқоңырдың болашағы» жастар бастамаларын қолдау орталығының жұмысымен және соның қатысушыларының волонтерлық қозғалысын көпке таныстырды.

«Байқоңырдың болашағы» жастар бастамаларын қолдау орталығы 2019 жылы қала әкімдігінің бастамасымен құрылып, сол кезден бастап 800-ден астам іс-шараны ұйымдастырған.

«Жұлдызды корпус» еріктілер жасағы түрлі әлеуметтік, экологиялық, патриоттық жобаны жүзеге асырып жүр. Мәселен, қалалық еріктілер жыл сайын «Ардагерлерді ардақтайық», «Жақсылық жасауға асығайық», «Аналар күні», «Қарттар күні», «Көктемгі мейірімділік апталары» т.с.с. әлеуметтік акцияларды ұйымдастырып тұрады.

Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мүшелері іс-шараларға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жастар ресурстық орталықтары мен Байқоңыр қаласындағы волонтерлық қозғалысты дамытуға әрі қарай белсенді түрде атсалысуға шақырды.

21.04.2023

Возврат к списку