Жаңалықтар
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында 2030 жылға дейінгі жастар саясаты Тұжырымдамасының негізгі бағыттарын талқылау жалғасуда.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында 2030 жылға дейінгі жастар саясаты Тұжырымдамасының негізгі бағыттарын талқылау жалғасуда.

На площадке Научно-исследовательского центра «Молодежь» продолжается обсуждение основных направлений Концепции молодежной политики до 2030 года

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының алаңында 2030 жылға дейінгі жастар саясаты Тұжырымдамасының негізгі бағыттарын талқылау жалғасуда.

Мәселен, 2022 жылғы 12 қазанда «Инфрақұрылым» бағыты бойынша талқылау өтті.

Жұмыс тобының мүшелері 2030 жылға дейінгі жастар саясаты Тұжырымдамасының «Инфрақұрылым» 6-тарауының ұсынылған тұжырымдамалық бағыттарымен танысты.

Жұмыс тобының отырысы барысында бос уақыт қызметінде жастардың көптеген әлеуметтік-мәдени қажеттіліктері іске асырылатыны және бос уақытты өткізудің әртүрлі орындарының болуы жеке тұлғаны білдіруге мүмкіндік беретіні, сабақтарды еркін таңдауды қамтамасыз ететіні атап өтілді.

Алайда, кездесуге қатысушылар қазіргі уақытта жасөспірімдерде, әсіресе қыста - тек СОО-лар кездесулер өтетін орын екенін атап өтті.

Талқылау барысында жұмыс тобының мүшелері жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) мемлекет тарапынан жастар саясатын іске асыру механикасындағы маңыздылығын атап өтті.

«Нефрологтардың, диализ дәрігерлерінің және трансплантологтардың өзін-өзі реттейтін ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Жазира Жұмабекқызы жастарды отбасын құру, отбасылық денсаулық және жыныстық тәрбие мәселелерінде ағарту сияқты мәселелерді қарастыра отырып, ЖРО мақсаттары мен міндеттерін қайта қарау қажет деген тезисін айтты. Сарапшының пікірінше, жетекшілік ететін мемлекеттік органдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды реттеу Тұжырымдаманы өз саласымен қамтуы тиіс маңызды мәселе болып табылады.

Сондай-ақ, «Ерекше балалардың ата-аналарының одағы» РҚБ басқарма төрағасы Рауана Бақтыбекқызы инклюзия мәселелерінде, оның ішінде жастардың өзін-өзі жүзеге асырудың әлеуметтік процестері жүріп жатқан түрлі орындардың инфрақұрылымына ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған маңызды талаптарды атап өтті.

Жұмыс тобының мүшелері ЖРО-ға қойылатын ең төменгі материалдық-техникалық талаптарды айқындау қажеттілігімен және олардың орналасқан жерімен келіседі.

Іс-шара ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. Барлық ұсыныстар мен ұсынымдар 2030 жылға дейінгі жастар саясаты Тұжырымдамасының «Инфрақұрылым» бағытын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Барлық ұсынысыз білдірушілер біздің сайтта сілтемені басу және Google-формасын толтыру арқылы өз ұсыныстарын қалдыра алады.
12.10.2022

Возврат к списку