Іс-шаралар
«JastarX» сараптамалық алаңының «Әділетті Қазақстан - Адал Азамат» тақырыбындағы төртінші кездесуі, 2023 жылғы 26 тамыз

«JastarX» сараптамалық алаңының «Әділетті Қазақстан - Адал Азамат» тақырыбындағы төртінші кездесуі, 2023 жылғы 26 тамыз

«JastarX» сараптамалық алаңының «Әділетті Қазақстан - Адал Азамат» тақырыбындағы төртінші кездесуі, 2023 жылғы 26 тамыз

2023 жылы 26 тамызда Ақмола облысы, Зеренді ауылында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «JASTARx» сараптамалық алаңының төртінші кездесуі өтті. Алаң «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» тақырыбында «Жастар Академиясы» лагерінің базасында ұйымдастырылды.

Онда «Адал Азамат» концепциясы кеңінен талқыланып, әділ қоғам мен жарқын болашақты құруда еліміздегі әр азаматтың атқаратын рөлі, әділетті Қазақстанды құруға жастардың қосатын үлесі секілді мәселелер көтерілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов, жас сарапшылар, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Сараптамалық алаңда спикер ретінде «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы, сценарист, продюсер Мырзахмет Перизат Рамазанқызы, Президент жанындағы жастар кеңесі төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері, кәсіпкер Сүлейменов Олжас Серікбайұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Қазақстандағы тұңғыш Инклюзивті фитнес орталығының негізін қалаушы Наумова Динара Рустамқызы сөз сөйледі.

«Адал Азамат формуласы Абай атамыздың «Толық адам» концепциясы, Алаш азаматтары аманаттап кеткен ұлтын сүйетін, елі мен жерін құрметтейтін, оқу-білімге құмар жастардың бейнесі», - деді «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Оның ойынша Әділетті Қазақстанды құратын Адал азаматтардың бойында болу керек негізгі қасиет – еңбекқорлық.

Ал прдюсер, сценарист Перизат Мырзахмет адамның бойындағы талант туралы сөз қозғады.

«Қоғамның әр мүшесі - талантты жан. Бірақ әр талант жеке-жеке ештеңе жасай алмауы мүмкін. Оның бәрінің басын біріктіріп, өзіміз қалайтын ізгі қоғамды қалыптастыру жолында қызмет ету ол да бір талант», - дейді продюсер.

Кездесу барысында спикерлер өздерінің еңбек жолдарының қыр-сырымен де бөлісіп, бүгінгі таңдағы жетістіктеріне сеп болған қасиет-қабілеттеріне тоқталды.

435

Тізімге оралу