Іс-шаралар
«JastarX» сараптамалық алаңының «Еңбегің кетпес далаға» тақырыбындағы үшінші кездесуі, 2023 жылғы 4 тамыз

«JastarX» сараптамалық алаңының «Еңбегің кетпес далаға» тақырыбындағы үшінші кездесуі, 2023 жылғы 4 тамыз

«JastarX» сараптамалық алаңының «Еңбегің кетпес далаға» тақырыбындағы үшінші кездесуі, 2023 жылғы 4 тамыз

2023 жылы 4 тамызда Алматы облысы, Қонаев қаласында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «JastarX» сараптамалық алаңының үшінші кездесуі өтті. Бұл алаң еңбек адамының қоғам мен экономиканың дамуындағы рөлін мойындайтын және бағалайтын жандардың басын қосты. Алаң өз еңбегімен талай биікті бағындырған қарапайым жандардың өмір жолы турасында «...Еңбегің кетпес далаға» тақырыбында өтті.

Іс-шараға Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысының міндетін атқарушы Жакупов Ерлан Жұмашұлы, сонымен қатар сарапшылар, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Сараптамалық алаңда спикер ретінде Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, Ozgeepic креативті хабының негізін қалаушы, арт-менеджер Мақпал Жұмабай, кәсіпкер, Aiqap youtube жобасының авторы, Limon туризм компаниясының құрылтайшысы Алмас Маратұлы, «TENGRY ASIA GROUP» тігін компаниясының негізін қалаушы Нұрсерік Барлық, Алматы облысы Мәслихатының депутаты, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat batyr-QTT» спорт клубының негізін қалаушы, джиу-джитсу және грэпплинг күрестерінен ҚР спорт шебері, республикалық және халықаралық турнирлердің чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаров, «Таусамалы», «GRAND LION» қонақ үйлері мен «Дәстүр» мейрамханасының негізін қалаушы басшысы Айдын Серікұлы сөз сөйледі.

«Бір адамның ғана өмірін сүрме. Тек қана дәрігер, тек қана жүргізуші болу керек деген заң жоқ. Бойыңда қоғамға пайдасын тигізетін өнерің, қабілетің бар ма, қолдан. Жан-жақты бол. Бір ғана дүниемен шектеліп қалма. Қазіргі заман – жан-жақты адамдардың жұлдызын жағатын заман», - деді Мақпал Жұмабай өз сөзінде.

Оның айтуынша сенің қандай отбасынан шыққаның, қайда оқығаның маңызды емес. Жетістікке жетудің бар сыры – сенім. Өз жолыңа, мақсатыңа сену екен.

Ал кәсіпкер Алмас Маратұлы сеніммен қатар ештеңеден қорықпай, көп ойланбай, сылтау айтпай, әр жерден шабыт іздемей жай ғана бүгін ойда жүрген істі бастап кету керек дейді. Ол өз мысалында қарапайым жас жігіттің 0-ден бастап өз кәсібін дөңгелетіп, өмір сапасын жоғарылатуы, өз қалауынша өмір сүруі әбден мүмкін екенін көрсетті.

Кездесу барысында қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, мәдениет, спорт саласының мамандары өздерінің еңбек жолдарының қыр-сырымен бөлісіп, қарапайым жандардың жетістік тарихы арқылы көрермен қауымды ерекше шабытқа бөледі.

420

Тізімге оралу