Іс-шаралар
«JastarX» сараптамалық алаңының «Тәуелсіз Қазақстандағы тәуелділер» тақырыбындағы екінші кездесуі, 2023 жылғы 27 маусым

«JastarX» сараптамалық алаңының «Тәуелсіз Қазақстандағы тәуелділер» тақырыбындағы екінші кездесуі, 2023 жылғы 27 маусым

«JastarX» сараптамалық алаңының «Тәуелсіз Қазақстандағы тәуелділер» тақырыбындағы екінші кездесуі, 2023 жылғы 27 маусым

2023 жылғы 27 маусымда Астана IT университетінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен JASTARx сараптамалық алаңының екінші кездесуі өтті. Кездесу қазіргі таңдағы жастар арасындағы ең өзекті тақырыптардың бірі лудомания және есірткіге тәуелділік мәселесі бойынша «Тәуелсіз Қазақстандағы тәуелділер» тақырыбында болды. Іс-шараға ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, сарапшылар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, т.б. қатысты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай отырысында жастар арасындағы есірткіге тәуелділік мәселесін қозғаған болатын.


Ол өз сөзінде «Нашақорлық – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады», - деп бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірді.


Осы орайда ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі:
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда қазіргі таңда жастар арасындағы нашақорлық пен ойынқұмарлық мәселелері өзекті екенін атап өткені белгілі. Бұл қоғам дерті көптеген отбасының берекесін қашырып, жастарды шырғалаң жағдайға жеткізіп жатыр.
Бір жағынан нашақорлық мәселесі бойынша ашық деректерге сенсек, Қазақстанда 100 мыңға жуық адам психоактив заттарды қолдану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылуы диагнозымен бақылауда тұр. Ал оның 6%-ы, яғни 6 мыңға жуығы 18 бен 29 жас аралығындағы жастардан құралып отыр.
Алдағы уақытта аталған мәселелер өз шешімін табады деген ойдамыз. Себебі жастар – баянды болашақ кепілі. Жастардың дені сау, білімі мен білігі жоғары, отаншыл әрі адамгершілік қасиеттері биік болып өсуі үшін барлық жағдай жасауға тиіспіз», – деп атап өтті.

«Жастар» ҒЗО мәліметтеріне сүйенсек, биыл құмар ойын ойнайтын жастардың саны айтарлықтай өскен. Мысалы, 2022 жылғы зерттеуде жастардың 1,2%-ы құмар ойынға тәуелді екені анықталса, ал биылғы жылы бұл көрсеткіш 3%-ды құраған. Зерттеу нәтижелері еліміздегі 14-28 жас аралығындағы жастардың әрбір бесіншісі лудомания құрбандары екенін көрсетті (17,8%).

Сараптамалық алаңда спикер ретінде клиникалық психолог Майя Меркулова, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әмірханов Бақытжан Қадырбекұлы, «Еркін адамдар» тәуелділіктерді емдеу клиникасының бас директоры Антон Гордеев, «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының атқарушы директоры Жандос Ақтаев, Rehab.kz тәуелділіктерді емдеу клиникасының бас маманы Владимир Ходак, танымал психолог Руслан Алиев сөз сөйледі.
             

508

Тізімге оралу