Іс-шаралар
«JastarX» сараптамалық алаңының «Қазақ айдентикасы: өткені мен бүгіні» тақырыбындағы алғашқы кездесуі, 2023 жылғы 30 мамыр

«JastarX» сараптамалық алаңының «Қазақ айдентикасы: өткені мен бүгіні» тақырыбындағы алғашқы кездесуі, 2023 жылғы 30 мамыр

«JastarX» сараптамалық алаңының «Қазақ айдентикасы: өткені мен бүгіні» тақырыбындағы алғашқы кездесуі, 2023 жылғы 30 мамыр

2023 жылғы 30 мамырда Астана IT университетінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен JASTARx сараптамалық алаңының алғашқы кездесуі өтті. Кездесу саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне қарай «Қазақ айдентикасы: өткені мен бүгіні» тақырыбында болды. Іс-шараға ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, сарапшылар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, т.б. қатысты.

 
Сараптамалық алаңда спикер ретінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы (PhD) Жақсылық Сәбитов, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян қазақ» сериалдарының сценарий авторларының бірі, ақын, жазушы, киносценарист Ұларбек Нұрғалымұлы, «Creeon» дизайн студиясының негізін қалаушы, дизайнер, кәсіпкер Қасымхан Жапанов сөз сөйледі.

 
Таришы Жақсылық Сәбитов өз сөзінде бүгінгі таңда бізге өз тарихымызды, оның мықты тұлғалары мен жағымсыз кейіпкерлерін жастардың қабылдауына жеңіл, түсініктеріне жақын болатындай оқытып, насихаттау керектігін айтты:

«Егер оны біз жасамасақ жастарымыз өз тарихымызды өзгелердің аузынан естіп жүруі мүмкін. Ал мұның арты жақсы болмайды», - деді тарихшы.

 
«Қазақтың бірегейлігінің негізі оның тілінде жатыр. Біздің әр сөзіміз ұлтымыздың болмысы мен бейнесін толық аша алады. Мысалы «қазақ» деген бір ауыз сөздің өзінен ұлтымыздың қалыпасу жолын көруге болады. Қазақтың құпия қаруы – сөз. Біздің бай тіліміз қазіргі қазақ жастарының бірегейлігінің негізі бола алады», - деді жазушы және киносценарист Ұларбек Нұрғалымұлы.

Кәсіпкер және дизайнер Қасымхан Жапановтың айтуынша қазіргі күннің батырлары Геннадий Головкин, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерінің арасында кең танымал ұлттық символика арқылы бірегейлікті қалыптастыру өте маңызды. Дегенмен ұлттық символиканы әртүрлі салада қолдану кезінде әр элементтің шығу тарихын, оның ерекшелігі мен қолдану орнын біліп алған жөн екен. 

438

Тізімге оралу